Қырғызстанда президент портретіне қатысты шу шықты
Қысқа сілтеме алу
Жігіттер жасаған әрекеті үшін кешірім сұрап, видео жазған
НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков портретін қолдарына ұстап алып, видео түсірген Бішкек мэриясының қызметкерлері жұмыстан шығарылмайды. Қырғызстан президентінің аппараты осындай ұсыныс білдірді.
Бұған дейін желіде тарап кеткен видеода «Бишкекские парковки и стоянки» мекемесінің қызметкерлері бір-бірін президент портретімен ұрып, «Шық есіктен» деп айтқан. Сооронбай Жээнбеков Қырғызстанның премьер-министрі болған кезде дәл осы сөзбен шенеуніктердің бірін үкімет отырысынан қуып жіберген болатын, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Мэрия басшылығы қызметкерлерді жұмыстан шығаруды тапсырды. Алайда олар кешірім сұраған.
Тағы оқыңыз: Тоқаевқа өзінің суреті бейнеленген билбордтар жақпай қалды
Қырғызстан президентінің аппараты қызметкерлерді қызметтен шығармау керектігін айтқан. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
sputniknews.kz