Қырғызстанда діни партия құрылып жатыр: Көрші ел ислам халифатына айналуы мүмкін

0
396
Фото: azattyk.org

Қырғызстанда «Нұр» атты діни принциптерді ұстанатын партия құрылу үстінде. Бұл туралы саясаттанушы Асхан Хасенғали жазды.

«Партия шариғатты енгізіп, Конституциядан «зайырлы» деген жолды алып тастаймыз дейді. Біздің елімізде де іштей осыны қалайтындар көп-ау. Қандай дін болса да, мейлі ол Ислам, мейлі христиан, буддизм немесе басқа болсын, партия құруға Қазақстанда жол беруге болмайды.

Баяғыда ӨИҚ (Өзбекстан Исламдық Қозғалысы) о баста қозғалыс болып басталып, артынан террорлық ұйымға айналып кетіп еді. Олар да басын осылай бастағаны бар. Зайырлылықты жою, елді «ислам республикасы» деп жариялау, Конституцияға шариғат талаптарын қосу деген сынды ұран тастап, митингтер жасаған.

2014 жылы ақыры ДАИШке(ИГИЛ) ант берген нағыз содырларға айналып кетті, оған дейін де Өзбекстанда жойқын жарылыстар жасаған болатын» дейді саясаттанушы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қырғыз ағайынның жаңа президенті діни күштердің тірек болуымен елдің басшысы болып сайланғаны туралы жазған болатынбыз.