Қырғызстанда білім министрі ұсталды

0
224

Қырғызстанның білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев аса ірі көлемде пара бопсалады деген күдікпен ұсталды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Алмазбек Бейшенәлиев ақша алып жатқан жерінен ұсталған.

«Аса ірі көлемде — 110 мың доллар (52,5 миллион теңгеден аса) пара алу дерегі тергеліп жатыр. Шенеунік шетелдік студенттерді отандық жоғары оқу орындарына қабылдау үшін ақша талап еткен. Толық мәлімет тергеу нәтижелері бойынша беріледі», — делінген хабарламада.