Домой Жаңалықтар «Қырғызстанда бар, бізде жоқ»: Баян Мақсатқызы Pfizer екпесін салдыру үшін көрші елге...

«Қырғызстанда бар, бізде жоқ»: Баян Мақсатқызы Pfizer екпесін салдыру үшін көрші елге баруға мәжбүр болды

0
2142
Баян Алагөзова Pfizer екпесін салдыру үшін көрші елге баруға мәжбүр болғанын айтты. Продюсер елімізде вакцина бола тұра, оған кез келген адамның қолы жетпейтінін айтып күйінді. Баян Мақсатқызы денсаулық сақтау министрлігіне сауал жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алагөзова вакцинаға қатысты шағымын Instagram парақшасында айтты. 

Ол бірер күн бұрын Pfizer вакцинасын салдыру үшін Қырғызстанға барып келгенін жеткізді. Айтуынша, «кішкентай ғана мемлекеттің кішкентай ғана емханасында вакцинаның барлық түрі бар».
«Еркін түрде, қалаған вакцинаңды салдыра аласың», –  дейді Мақсатқызы.

Осы орайда продюсер денсаулық сақтау министрлігіне сауал жолдады. Былтырдан бері Pfizer вакцинасын уәде етіп келген министрлерден олардың есебі сол күйі сұралған жоқ деп ашынды продюсер.

«Қай министрге сұрақ қоятынымды білмеймін. Бізде министрлер Алматының ауа райы сияқты өзгереді.

Неге үлкен, бай мемлекетімізде біз ол вакцинаны сала алмаймыз? Тегін болсын, ақылы болсын… Қырғызстанда бар, бізде жоқ. Білуімше, бізге Pfizer вакцинасын қазан, кейін қараша айында уәде еткен. Бірақ ол вакциналар не ескі, не жаңа министрден сұралған жоқ. Қазір ол вакцинаны балалар, қариялар мен жүкті әйелдер салдыра алады. Ал олар қаламаса ше? Онда вакцина салдырғысы келетіндерге бөліп берейік. Мен бұл бейберекетсіздікке таңғаламын. Неге Қазақстанда вакцина бола тұра, басымызды қатерге тігуіміз керек?» – дейді Баян ханым.