Қырғызстанда әйелін тексермек болған жігіттің видеосын 33 млн адам тамашалады

0

Осыдан үш жыл бұрын YouTube-те қырғызстандықтар түсірген видео жарияланды

Ролик сюжеті бойынша жігіт өзінің әйелін тексеру үшін хат жазады. Хатта «мен кеттім, сенімен бірге бола алмаймын, ажырасамыз» деп жазған. Ал өзі кереуеттің астына тығылып, әйелінің не істейтінін көреді.

Хатты тапқан келіншек оған бірден жауап жазып, телефонмен біреуге қоңырау шалады.

«Сәлем, жаным! Ол кетіп қалыпты… Оған не үшін тұрмысқа шыққанымды өзім де түсінбеймін. Бәрі артта қалды. Қазір сен барсың. Біраздан соң жаныңа барып қаламын», — деп айтып, шығып кетеді.

Ашуланған жігіт хатты жыртпақ болған кезде «сенің аяқтарың көрініп тұр. Мен дүкенге нанға кеттім», -деп жазылғанын көреді.

Үш жылда бұл видеоны 33 миллион рет тамашалаған.



sputniknews.kz