Қырғызстан шекарашылары шекараны заңсыз кесіп өтпек болған қазақстандықты атып тастады

0
136

Ер адам ауруханаға барар жолда көз жұмды.

ҚР ҰҚК Қырғызстан Республикасы шекарашыларының Қазақстан Республикасының азаматына не себепті қару қолданғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 2019 жылғы 23-қаңтарда Тараз шекара отрядының «Жасөркен» шекара жасағына таяу маңда Қырғызстан Республикасының шекара қызметкерлері Қырғызстан Республикасынан Қазақстан Республикасына қарай шекараны заңсыз бұзып, 10 жылқыны айдап өтуге әрекет еткен үш заң бұзушыны ұстамақшы болған.

«Тұтқындау барысында заң бұзушылар суық қару қолдану арқылы қарсылық танытқан. Кикілжің нәтижесінде қырғызстандық шекарашылар қару қолданған. Атыс салдарынан заң бұзғандардың бірі жарақат алады. Ал қалған белгісіз екеу атпен Қазақстан Республикасының аумағында бой тасалаған. Сағат 12.15-те шекараны кесіп өту ережесін бұзған (Қазақстан Республикасының азаматы, тергеу жұмыстарына байланысты оның аты-жөні аталмайды) адам Талас ауылының ауруханасына барар жолда жан тәсілім еткен. Қазіргі таңда Тараз шекара қызметінің күш-құралдарымен заң бұзушылар мен жылқыларды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Айта кеткен жөн, қаза тапқан заң бұзушы бұдан алдын ҚР ҚК 392 «ҚР Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бабына сәйкес сотты болған екен.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/