Қырғызстан президенттігіне кандидат болған Бабанов елге қайтуы мүмкін

0
46

Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты, кезінде президент сайлауына түсіп, елден кеткен Омурбек Бабанов қайтып оралуы мүмкін.

Бұл туралы 27 наурызда Бабановтың өкілі Ислам Қарғабаевтың баспасөз мәслихатына сілтеме жасап, Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Қарғабаевтың айтуынша, Бабанов өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істі саясиланған деп таниды. «Мен оның нақты қашан оралатынын айта алмаймын» деген Қарғабаев тек «жақын уақыт» туралы сөз қозғаған. «Бабанов қалай болғанда да қалыптасқан жағдайға қарамастан қайтып оралатынын айтты» дейді Қарғабаев. Бұрынғы депутаттың саясатқа араласу мүмкіндігі жайлы Қарғабаев әзірге жауап бере алмайтынын білдірген.

2017 жылғы президент сайлауынан кейін елден кеткен Омурбек Бабанов өзінің саяси мансабы аяқталғанын мәлімдеген еді.

Оқи отырыңыз: Омурбек Бабановтың саяси мансабы аяқталды ма?

Қырғызстанда Бабановтың сайлау алдында Ош қаласында айтқан пікіріне байланысты оның үстінен «ұлтараздық, нәсілшілдік және діни араздықты қоздыру» бабы мен «конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақыру» бабы бойынша іс қозғалып, жабылған. 2017 жылғы сайлауда Бабановтың қазіргі президент Сооронбай Жээнбековтен кейін 33 пайыздық дауысқ ие болғаны хабарланған. Ббановтың президенттікке кандидат кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі сол кездегі президент Алмазбек Атамбаевтың кері реакциясын тудырған. Атамбаев ресми Астананы көрші елдің ішкі ісіне араласып, өз кандидатын таңып отыр деген сарында айыптаған. Қазақстан жағы оны жоққа шығарғанымен, мәселенің соңы екі елдің шекарасын жауып тастауын себеп болған. Президен сайлауынан кейін Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы ахуал қайтадан қалпына келген еді.

Azattyq