Қырғызстан президентке импичмент жариялау рәсімін бастады

0

Қырғызстан парламентінің депутаттары ел президенті Сооронбай Жээнбековке импичмент жариялау рәсімін бастады.

«Бірқатар депутаттар бұл бастаманы көтерді (импичмент), ол күн тәртібінде қалады, бірақ әзірге тек бастамашылық деңгейде. Кейбір депутаттар қол қойды», — деді оппозициялық «Ата-Мекен» партиясының халық қалаулысы Қаныбек Иманалиев.

Оның айтуынша, бүгін 40-тан астам депутаттың қатысуымен Парламенттің жаңадан сайланған спикері Мықтыбек Абдылдаевпен кездесу өтті, онда елдегі қазіргі жағдай талқыланды. Парламентте кворум өткізу үшін 60-тан астам депутат қатысуы қажет.

Иманалиев кворум бейсенбіде өтеді деген үмітін білдіріп, «болашақ премьер-министр кандидатураларына дауыс беру процедурасын келісу мәселесі талқыланып жатқанын» айтты.

stan.kz