Қырғызстан президенті мәлімдеме жасады: Еліміз қауіптің шетінде тұр

0

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі жағдайға байланысты үндеу жасады.

«Құрметті отандастар! Кейбір саясаткерлердің асқақ амбицияларына байланысты азаматтарымыздың бейбіт өмірі мен елдегі тыныштыққа қауіп төніп тұр. Саяси үндеулермен қатар ел бірлігі мен қоғамның бейбіт өміріне нұқсан келтіретін арандатушылық үндеулер де болды.

Қырғызстан қауіптің шетінде тұр. Құрметті қырғызстандықтар, біздің азаматтардың бейбіт өмірі саяси құмарлыққа құрбан болмауы керек. Сондықтан елдің астанасы Бішкекте төтенше жағдай жарияланды.

Бүгін мен тиісті жарлыққа қол қойдым.

Мен конституциялық өкілеттіктерім аясында азаматтардың бейбіт өмірі мен елдің тұтастығын сақтау үшін бәрін жасаймын. Еліміздің барлық сау күштері мені толық қолдайтынына сенімдімін. Бүгін біз мемлекеттілігімізге нақты қауіптің куәсі болып отырмыз. Сондықтан біз бақылаушылар қатарында болмаймыз және осы қиын күндерден бірге шығамыз. Құдай Тағала халқымызды және сүйікті Қырғызстанды қорғасын!», – деді Жээнбеков.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз