Домой Жаңалықтар Қырғызстан президенті кортежі жол апатына ұшырады: 1 адам қаза тапты (видео)

Қырғызстан президенті кортежі жол апатына ұшырады: 1 адам қаза тапты (видео)

0
822

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты күзететін автокөліктердің бірі жол апатына ұшырап, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бір қызметкері қаза тапты деп хабарлайды 24.kg. Сондай-ақ, тағы бес адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға бүгін Ыстық-Көл облысында болған.

«Кортежге бекітілген автокөліктердің бірі Ыстық-Көл ауданына қарасты Ананьево селосы маңында қарсы бағытта келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан. Салдарынан Қауіпсіздік комитетінің 1 қызметкері қаза тауып, үшеуі жарақат алды», — делінген аталған хабарламада.

Анықталғандай, екінші көлікті тізгіндеген жүргізуші мас күйде болған. Ол тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Аталған көлікте болған екі адам да ауруханаға жеткізілді.