Қырғызстан мүфтияты желілік маркетинг, пластикалық операция және вакцинацияға пәтуа шығарды
Қырғызстанның мұсылмандар діни басқармасының ғалымдар кеңесі 5 сәуірде үш пәтуа шығарды.
Муфтият сайтындағы ақпаратқа сәйкес, №5 пәтуа желілік маркетингпен айналысуға тыйым салады, себебі ол шариғат нормаларына қайшы.
№6 пәтуада «денсаулыққа қатысы жоқ пластикалық операциялар жасау күнә екені» айтылады.
«Туғаннан бар немесе түрлі оқиғалардың салдарынан пайда болған дене кемістіктерін түзеу мақсатында жасалатын операцияларға шариғат рұқсат береді. Бірақ негізсіз тек сұлулық үшін жасалған операциялар күнә болып саналады» делінген мүфтият сайтында жарияланған пәтуада.
№8 пәтуада вакцинация мәселесін әрбір адамның өзі шешсін деп жазылған.