Қырғызстан коронавирусқа қатысты шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қырғызстан билігі уақытша шетел азаматтарын елге кіргізбеу туралы шешім шығарды. Бұл жағдай коронавирус пандемиясының әлемде жаппай таралуына байланысты жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қырғызстан

Бұл туралы Қырғызстанның вице-премьері Алтынай Өмірбекова мәлімдепті. 

«Біз шетелдіктердің елге кіруіне уақытша шектеу қоямыз. Бұл барлық мемлекеттердің азаматтарына қатысты. Десек те жүк тасымалына бұл шектеулер қолданылмайды», — депті вице-премьер. 

Сондай-ақ ол Қырғызстандағы шетел азаматтары және сырт мемлекеттерде жүрген қырғызстандықтар өз отандарына кедергісіз қайта алатындығын қосты. 

Еске салайық, қазір Қырғызстанда коронавирус әлі тіркелмепті. Алайда 500-ден астам адам дәрігерлер бақылауында көрінеді. 

Атап өтерлік жайт, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27-ге жетіп отыр. 

stan.kz