Қырғызстан экс-президенті Атамбаевтың немересіне ерекше есім берілді — Жаһан

0

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева 21 қарашада қыз босанды. Алайда қызға қандай есім қойылғаны енді белгілі болды, — деп хабарлайды Kaktus media

Әлия әлеуметтік желіде жазба қалдырды, соның арқасында нәрестеге Аюна есімі берілгені белгілі болды. 

«Аюна. Осы әріптердің жиынтығын мен интернеттен әйелдер есімі тізімінен байқадым, дауыстап айтып көріп ем, мәңгіге ғашық болдым. Босанбай жатып осы есімнің менің қызыма арналғанын сездім. Бұл ой санадан шыққан ұғым емес, жүректен шықты. Үш дауысты, бір дауыссыз, өте жұмсақ естіледі. Менің есімім секілді, бірақ өзгеше. Жел не су секілді. Көпшілікке түсінікті, рационалды басқа да нұсқалар болды. Бірақ интуиция рационализмді жеңді.

Қызыма қарап, осы шешімнің дұрыс болғанын сеземін. Оның көздері жолдасым мен ұлымдікіне ұқсайды…», — деп жазды» Шагиева Instagram желісіндегі парақшасында.

«Вечерний Бишкек» газетінің мәліметінше, қыздың есімі шын мәнінде ерекше, Қырғызстан үшін де әдеттен тыс. 

Аюна — Әлия мен оның жолдасы Константиннің екінші баласы. Тұңғыш баласы Таир 2017 жылы наурызда дүниеге келген. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz