Қырғызстан азаматының коронавирус жұқтырғаны анықталды

0
19

Diamond Princess лайнеріндегі қырғыз жолаушысының коронавирус жұқтырғаны расталды. Ол енді толық сауығып шыққанша Жапония ауруханасында болады

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Круиз кемесінің қырғыз жолаушысы коронавирус жұқтырғаны анықтады. Бұл туралы Қырғызстан сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Абдрахманов айтты.

26 ақпан күні тапсырған Қырғызстан азаматының сынағы оң нәтиже берді. Бүгінде науқас жапон ауруханаларының біріне жатқызылды. Коронавирус оның кемедегі көршісінен жұққан, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

«Бізге жеткен мәліметтер бойынша, ер адам қатты ауырып жатқан жоқ. Науқастан шағым түспеді», – деді Абдрахманов.

Жапония тарапы қырғыз азаматы толық сауығып кетпейінше елден шығарылмайтынын хабарлап отыр.

Айта кетейік, 27 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кемеден шыққан төрт отандасымыздың сынамалары оң нәтиже бермегенін мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: Джеки Чанның коронавирус жұқтырғаны рас па – оқиғаның мән-жайы



sputniknews.kz