Қырғызcтан және Тәжікстан президенттері Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады — новости Казахстана

0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Қазақстан президентінің ресми сайты

Фото: Қазақстан президентінің ресми сайты

Мемлекеттер басшылары келе жатқан Жаңа жылмен бір-бірін құттықтады.

Әңгімелесу кезінде көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың ахуалы мен басымдықтарын, соның ішінде бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. 

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз жағы бастамашы болды.

Сонымен қатар Елбасы Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен де телефон арқылы сөйлескен.

Көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, Астана мен Душанбе арасындағы жан-жақты ықпалдастықтың дәйекті дамып келе жатқанына көңілдері толатынын атап өтті. 

Мемлекеттер басшылары алдағы Жаңа жыл мерекесімен бір-бірін құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан жағы бастамашы болды.