Қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалда 26 адам зардап шеккен

0

Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстан мен Тәжістан шекарасындағы жанжалдан 16 қырғыз және 10 тәжік азаматы зардап шеккен. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік және Қырғыз қызметтері хабарлады. Бір адам — Тәжікстан азаматы — қайтыс болды.

22 шілде күні Қырғызстанның Баткен облысындағы Ақ-Сай ауылы мен Тәжікстанның Ворух анклавының шекарасында қақтығыс болған. Қырғыз шекарашыларының сөзінше, Ворух тұрғындары ауылға кіре берісте флагшток орнатқан соң жанжал шығып, қарудан оқ атылған. Шекарашылар жергілікті тұрғындар аңшы мылтығынан оқ атқан дейді.

Ал Тәжікстан тарабы болса жанжал барысында Қырғызстан тұрғындары оқ атқан деп мәлімдеді. Тәжікстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тәжікстандық бір азамат қаза болып, тәжік милициясының подполковнигі жараланған. Барлығы он адам зардап шеккен, үшеуіне оқ тиген, жетеуін таспен атқан. Қырғызстан жағынан 15 адам жараланған, оның ішінде милиция қызметкері мен шекарашы бар. 12 адам ауруханға оқ тиіп түскен, үшеуі таспен жараланғандар.

Сейсенбі, 23 шілдеде атыс тағы болған. Бұл туралы оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі хабарлады. Бір шекарашы жараланған. Аймақта шекара қызметі күшейтілген режімге көшкен.

  • Екі ел арасындағы шекараның ұзындығы 970 шаршы метр, олардың тек 519 шаршы метрі екі елмен келісілген. Қалған даулы учаскілерде су, жайылым мен жерге қатысты дау жиі болып тұрады.
  • Шекардағы жанжал Қырғызстан президентінің Тәжікстанға сапары алдында болып тұр. Ол кездесуде шекараның даулы аймақтары төңірегінде сөз болуы тиіс еді.

Azattyq