Қырғыз шекарасындағы қазақстандық азаматтың өлімі: ҰҚК жауап берді — новости Казахстана

0

Бүгін Парламент сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов Қазақстан — Қырғызстан шекарасында атыстан бір адамның мерт болуына қатысты оқиғаға түсінік берді деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігі.

Дархан Ділманов. Фото: liter.kz

Дархан Ділманов. Фото: liter.kz

«Біз шекарашы әріптестермен бұл жағдайды тексеріп шықтық. Сонымен қатар, бұл мәселеге байланысты екі елдің мемлекеттік органдарының өкілдері де тартылды. Аталған оқиғада анықталған үш адам Қазақстан азаматтары болып отыр. Олардың екеуі бұған дейін мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Яғни, олар Қырғызстан аумағына бірнеше рет өткен. Екеуі шартты түрде алты айға жазаланған», — деді Ділманов.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік шекараны олар таулы аумақта кесіп өткен.

«Мал ұрлау мақсатында олар Қырғызстанға қарай шекараны заңсыз өтіп, ұрлық жасады. Бізде 10 бас мал ұрланды деген мәлімет тараған, ал қырғыз жағы малдың 15-ке жуық екендігін айтуда. Қалай болғанда да бұл факті орын алған. Шекара бұзушы (Қазақстан азаматы) тарапынан Қырғызстан шекарашысының өміріне қауіп төнетіндей іс-қимыл жасалғаны айтылды. Қырғыз шекарашыларының айтуынша, ол офицер мен сарбазға пышақ алып жүгірген. Өз кезегінде шекарашылар оқ атқан», — деп түсіндірді Шекара қызметінің директоры.

Ділмановтың сөзінше, екі ел шекарасында жиі кездесетін заң бұзушылықтар мал ұрлығына қатысты болып отыр. Бұл тұрғыда көбіне Қырғызстан азаматтары алдын ала келісіп, Қазақстан аумағына мал өткізеді.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар

Дереккөз: kaz.nur.kz