Қырғыз-қытай шекарасы уақытша жабылады

0
73

Қытай елінің бастамасымен «Күріш мерекесінің» тойлануына байланысты Қытай мен Қырғызстан арасындағы «Торугарт» және «Иркештам» өткізу бекеті 7-9 маусым аралығында жабық болады. Бұл туралы 5 маусымда Қырғызстан кеден қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.

Ресми ақпаратта қырғыз-қытай мемлекеттік шекарасындағы аталған учаскелерде адамдарды, көлік пен жүк көліктерін өткізу 2019 жылы 10 маусымнан бастап қайта қалпына келеді деп хабарланған.

Azattyq