Қырғыз депутаты жағымсыз жаңалықтарды орыс және ағылшын тілдерінде шығармау керектігін ұсынды

0

Қырғыз елінің парламент депутаты Ақылбек Жапаров жағымсыз жаңалықтарды орыс және ағылшын тілінде жарыққа шығармауды ұсынды. 

«Грузия елінде болған уақытта, жағымсыз жаңалықтарды орыс тілінде сайтқа шығармайтынын аңғардым. 2004 жылы Грузия басшысы барлық халыққа жағымсыз жаңалықтарды тек, грузин тілінде жазуға шақырған. Ал, орыс тілі мен ағылшын тілінде жақсы жаңалықтар жазылуы тиіс деген».

Сондай-ақ Жаппаров мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманқұловқа да ұсыныс білдірді. «Сіздер де халыққа осындай ұсыныс жасауларыңыз тиіс. Ғаламтор бетінде Қырғыз елінің салт-дәстүрлері туралы тек жағымды жаңалықтар болуы тиіс» деп өзінің пікірін ортаға салды.

Алайда, Қырғыз жұртшылығының барлығы бірдей қырғызша біле бермейді. Тіпті, балабақшалардың өзінде де Қырғыз тілін оқыту күн артқан сайын қиындап барады. Қазіргі таңда Бішкек қаласында 85 муниципальді балабақша бар. Оның тек, 13-і ғана таза Қырғыз тілінде жұмыс істесе, 45 балабақшаның жеткіншектері қырғыз тілінде де, орыс тілінде де еркін сөйлесуі қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили 2004 жылы аталған ұсынысты жүзеге асырған. Қазіргі таңда Грузия басылымдарынан сол уақытта Саакашвили туралы жағымсыз шыққан орыс тіліндегі ақпараттарды кездестіру қиын.

«The Qazaq Times»