Қымыздың қасиеттері |

0
120

✅  Қымыздың құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп.

✅  Қымыздың құрамында жыныс гармондарына жақсы әсер ететін ферменттер бар. Бұл әйелдерді бедеуліктен, ерлерді белсіздіктен қорғайды. Қуаттандырады.

✅  Құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне жақсы ықпал етеді.

✅  Саумал қымызды ем ретінде буын ауруларына ішсе тіпті пайдалы. Салданудың алдын алады.

✅  Жаңа босанған келіншектің сүтін молайтып, нәрлі етеді. Демек, емізулі балаға да пайдасы орасан.

✅  Ашыған қымыз шөлді басып, қантамырды қордаланған зиянды қалдықтардан тазартады. Іш қатудың алдын алады.

✅  Ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына өте пайдалы.

✅  Адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды қанықтырады, қан тамырларын тазалайды.

✅  Буын аурулары мен сүйектің қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді.

✅  Қымыз адамның физикалық жағдайын оңалтып, тәбетін ашады, ас қорытуды жақсартады.

✅  Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды.

✅  Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.

✅ Кез келген сүттегі ең бағалы зат – ақуыз. Бие сүтінде ол 1,8 – 2 % болады. Қымызда шамамен 1,3 – 2,0% май бар, бұл сиыр сүтіндегіден 2 есе кем.

Дереккөзі: «ПТ» топтамасынан 

Дереккөз: http://reactor.inform.kz