«Қымбат жиһаз бен пәтер сатып алған»: Марат Ахметжанов Көкшетауға бірнеше рет сөгіс алған әкімді тағайындау себебін түсіндірді

0

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жақында Көкшетау қаласының басшысы қызметіне Әнуар Күмпекеевтің тағайындалу себебін түсіндірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

9 қарашада Көкшетау қаласының жаңа әкімі болып Әнуар Күмпекеев тағайындалды.

Күмпекеев 2018-2019 жылдар аралығында Павлодар қаласының әкімі қызметін атқарды. Павлодар облысының әкімі 2018 жылы Әнуар Күмпекеевке 49 миллионға қызметтік пәтер сатып алғаны үшін қатаң сөгіс жариялаған еді. 2019 жылы ол 6 миллион теңгеге қара ағаштан жасалған жиһаз сатып алғаннан кейін тағы сөгіс алған. Оған бюджеттің басым емес шығыстарына тыйым салу туралы тікелей тапсырма беріліп, 11 маусымда Күмпекеевке қатаң сөгіс жарияланды.

Осылайша ол еңбек демалысына шығып, артынша қызметінен кетті. Алайда 2024 жылдың қарашасында ол Көкшетау қаласының әкімі болды.

Ақмола облысы әкімінің айтуынша, бір жыл бұрын ол Әнуар Күмпекеевтің барын білмеген. Бірақ облыс тұрғындары ол туралы айтқан екен.

«Күмпекеевтің әкім болып тағайындалуына заң жүзінде ешқандай кедергі жоқ. Оны барлық құзырлы органдар мақұлдады. Айтайын дегенім, ол өз еркімен жұмыстан шығарылды. Ал оны тағайындау кезінде оның білімі мен кәсіби қасиеттері ескерілді. Өздеріңіз білесіздер, ол Степногорск қаласында 7 жыл жұмыс істеді. Ооның 4 жылы қала әкімі болды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жақсы біледі. Бір жыл бұрын оның бар екенін білмедім. Бірақ апат болған кезде тұрғындар оның қандай шара қолданғанын айтты. Содан кейін біз оның кандидатурасын зерттей бастадық», – деді облыс әкімі.

Марат Ахметжановтың айтуынша, Әнуар Күмпекеевтің кандидатурасы Павлодар және Степногорск қалаларының әкімі болған кездегі тәжірибесіне негізделіп мақұлданды.

«Биыл біз Көкшетау қаласында жылу электр орталығы мен басқа да инженерлік құрылыстардың құрылысын бастаймыз. Сол себепті оны әкім қызметіне тағайындадық. Жас кезінде қателік жіберген болуы мүмкін. Ол пәтер сатып алмағанын айта кеткен жөн. Оның қызметтен өздігінен кеткені айтылды. Сондықтан ешқандай заңдық кедергілер болған жоқ», – деді Ақмола облысының әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін 5 жыл бұрын қатаң сөгіс алған Әнуар Күмпекеев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалғанытуралы жазған едік.