Қымбат тамаққа тапсырыс берген Израиль премьерінің әйелі мемлекет қаржысын өтейді

0

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың әйелі Сара Нетаньяху қымбат тамаққа тапсырыс бергені үшін мемлекетке 55 мың шекель (шамамен 14 мың еуро) төлейді. 12 маусымда прокуратура мен Нетахьяху осындай келісімге келген. Енді мұны сот мақұлдауы керек.

Айыптау актісіндегі мәліметке қарағанда, Нетаньяху премьер-министр резиденциясында аспаз барына қарамастан, 2010-2013 жылдары үйіне құны 175 мың шекель (шамамен 43 мың еуро) болатын тамақ тапсырыс берген. Аспаз қызметі мемлекеттік бюджет есебінен төленген.

Прокурорлар «Нетаньяху тамақ тапсырыс беру кезінде премьер әкімшілігінің білместігін пайдаланды» деп санаған. Нетаньяхудың өзі айыпты жоққа шығарып, тапсырысты «белгісіз адамдар еркінен тыс жасағанын» айтқан.

Azattyq