«Қылмыстық құрам болған»: Дулат Ағаділдің ісіне қатысты қорғаушы шындықты айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің өлімінен кейін туыстары жазған арыз бойынша тергеу амалдары басталған еді. Бүгін қорғаушы Айман Умарова Facebook желісінде тікелей эфир арқылы істің қалай өтіп жатқаны туралы ақпарат берді. Эфир барысында Дулат Ағаділге қатысты заңсыздық орын алғанын айтып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

айман умарова

Белсенді Дулат Ағаділдің ісін еліміздегі білікті қорғаушылардың бірі Айман Умарова қолға алған. Бүгін әлеуметтік желі арқылы жүргізген тікелей эфирде көпшілік көкеінде жүрген біраз сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша тергеу ісінің қалай өтіп жатқанын толық айтуға құқығы жоқ. Тек бегілі бір шеңбер аясында сөйлеуге қолхат бергенін жасырмады. 

«Қазіргі менің мәліметтерім тергеу орындарынан алынған жоқ. Тергеу орындарының мәліметтерін, процесуалдық ақпарттарды елге тартпау туралы қолхат бар. Сондықтан заңды сыйлағандықтан, артық ештеме айта алмаймын», — деген адвокат қыста болған істің бір еске түсіріп, полиция қызметкерлерінен кеткен заңсыз әрекеттерді айтып салды.

«Полиция Дулат Ағаділді үйінен алып кетерде, өзіне ғана емес, баласы Жанболат Дулатқа да қысым көрсеткен. Желіде тарған видеода белсендінің денесі көгергені туралы айтылады. Расында оның денесінде көгерген тұстары бар. Ол соққының іздері болғаны анық. Бірақ барлық көгерген жерлер соққыдан деп айту дұрыс емес. Өлген адамның денесінде болатын көк іздер де барын айту керек», — дейді Айман Умарова. 

«Бұған дейінгі деректерде Дулат Ағаділдің мас болғаны жөнінде айтылады. Егер адам алкогольдік ішімдіктің әсерінен мас болып тұрса, оның ұстауға болмайды. Неге құқық қорғау органдары осыны біле тұра Дулатовты қамауға алды? Бұл да заңсыз іс-әрекет. Тіпті адам сыра ішкен болса да оны фиксация жасамай қамауға болмайды», — деген құқық қорғаушы жұрт көкейінде жүрген басты сұраққа тоқталды. 

«Енді Ағаділді кім, қайда, не үшін ұстап отырды деген сұраққа келейік. Қамауға алған кісілер Ағаділді ұстар алдында жағдайын неге тексермейді? Мас болатын болса, норкологияға неге жібермеген? Үсті-басы көгеріп келсе, сараптама неге жасатпаған? Біз осыны түсінбей отырмыз. Менің ойымша, бұл жерде қылмыстық құрам бар. Абақтыда істейтін лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеті деп санаймын», — дейді Айман Умарова.

«Мен ешқандай экспертизаны қоспай-ақ бұл жерде құқық бұзушылықтың болғанын айтып тұрмын. Тайға таңба басқандай көрініп тұр. Егер әкесі заң бұзды десек, баласын жұлқылап, тепкінің астына алып, күртесін жырту керек па еді? Ағаділді қамауға алмас бұрын неге керекті әрекеттер жасалмаған? Бұл жерде құқықбұзушылықтың болғаны айдан анық. Біз дәл осы себеппен қайта шағымданамыз», — деген қорғаушы бұдан артық ештеме айта алмайтынын жеткізді. 

stan.kz