Қылмыстық іс қозғалды — алматылықтың «біртүрлі» әрекеті видеоға түсіп қалды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Полиция департаментінің өкілі мұндай оқиғаның елдегі төтенше жағдай кезінде болғаны үшін әлдеқайда қатал жаза қолданылатыны туралы ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Алматының Әуезов ауданында полицейдің аяғын басып өткен жүргізуші ұсталды. Оның көлігінде тапанша мен пышақ табылды. 

Ер адам оқиға орнынан қашып кетпек болған. Полицейлер Абай және Алтынсарин көшелерінің қиылысында оның жолын бөгеп, қолға түсірді, деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«1983 жылы туған ер адам ұсталды. Ол жұрт оны «есінен адасқан» деп айтатынын қайталай берді. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тергеу қылмыстық кодекстің 379-бабына сәйкес («билік өкіліне бағынбау») жүргізіліп жатыр. Оның кінәсі дәлелденсе, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл (5,5 млн теңгеге жуық) салынуы мүмкін. Бұдан бөлек, 600 сағат қоғамдық жұмыс немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған. 

Департамент өкілі мұндай оқиғалардың елдегі төтенше жағдай кезінде болғаны үшін әлдеқайда қатал  жаза қолданылатыны туралы ескертті. 



sputniknews.kz