Қылмыстық іс: Кезек Нұрлан Нығматулиннің ұлына келді
Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрлановтың 10 шілде күні белгісіз біреулермен бірге минералды тыңайтқыштар зауытының ғимаратынан шығып кеткеніне куәгерлер көп, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.
Алайда компанияның баспасөз қызметі жұмыс орнында тінту мен кәсіпкердің ұсталғанын растамады.
Қаржы мониторингі агенттігі Orda.kz тілшісінің сауалына берген жауабында Жамбыл облысы бойынша облыстық департаментте сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
«2022 жылғы 13 шілдеде Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қорытындысы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. «Қазфосфат» ЖШС басшылығына жоғары баға белгілеу және ұстап тұру арқылы өздеріне заңсыз кіріс алу арқылы монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 221-бабы (Монополистік қызмет – Ред.) «аммофос» сатуда» делінген хабарламада.