Қылмыскермен күйеуіне шөп салған мұғалім түрмеге қамалды – Қазақстан жаңалықтары

0
14

Англияда түрмедегі қылмыскермен күйеуінің көзіне шөп салған мұғалім төрт айқа қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

түрме

2017 жылы түрмеде сабақ беретін 36 жастағы Мелисса Фросттың күйеуі оның адалдығына күмән келтіре бастаған. Ол әйелінің түрме күзетшісімен қарым-қатынасы болуы мүмкін деп күдіктенген. Көп ұзамай ол әйелінің телефонға арналған жасырын SIM-картасын тауып алған. Онда мұғалімнің тұтқындағы азаматпен хабарламалары сақталып қалған. 107 хабарламаның ішінде сүйіспеншілік туралы мәлімдемелер және олардың болашақ жоспарларын талқылаған әңгімелері болған.

Күйеуі болған оқиға туралы әйелі жұмыс істеген түрме басқарушысының орынбасарына хабарлады. Сол жылдың желтоқсанында тергеу басталды. Фрост жауап алу кезінде шілде айынан бастап өрт қойып, бес жыл төрт айға қамауға алынған қылмыскермен романтикалық қарым-қатынаста болғанын мойындады. Әйелдің сөзінше олар тек сүйісіп, құшақтасқан, ал интимдік қатынас болмаған.

Тергеушілер тұтқындағы азаматтың телефонмен сөйлесуге рұқсат берген кезде Форстқа хабарласқаны туралы дәлелдерді ұсынды. Оның ұялы телефондағы хабарламаларына сәйкес, жұп қылмыскер бостандыққа шыққаннан кейін кездесуді жоспарлаған. Хабарламаларда Фрост некедегі қиын кездерді өткеріп жатқандығын да айтқан.

Форст мұғалімдік қызметінен кетіп, басқа жұмыс тауып, жаңа қарым-қатынасқа түскен. Сот талқылауының қорытындысы бойынша әйел жұмыс орнындағы орынсыз әрекеті үшін төрт айға бас бостандығынан айырылды.

stan.kz