Қылмыскерді ұстағанда да, малды тауып, қайтарып алу мүмкін емес
«Аталған қылмыс түрлері азаматтардың жеке аумағына және тұрғын үйлеріне енуімен байланысты, бұл материалдық зиян келтіруден басқа азаматтардың денсаулығына моральдық-психологиялық зиян келтіреді. Мүліктен басқа, онда тұратын отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретін өз тұрғын үйінің қауіпсіздігі мен қорғалу сенімділігі төмендейді. Келтірілген залал, атап айтқанда мал ұрлығынан түскен зардап жүздеген мың тенгені құрайды. Тіпті қылмыскерді ұстаған жағдайда да, ұрланған малды тауып, қайтарып алу әрдайым мүмкін емес», деді сенатор.
Келтірген мәліметтерге сүйенсек, Алматы облысы 2018 жылы тіркелген қылмыстар саны бойынша республика көлемінде екінші орында, ал Алматы қаласы бірінші орында тұр. Сонымен қатар, 2018 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген көрсеткіш 27 678 фактіні құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 6,3%-артып отыр.
«Алаңдаған азаматттар өз бетімен патрулдеу, қылмыскерді іздестіру және ұстау сияқты тағы басқа шаралар қабылдауға мәжбүр, бұл шаралар қылмыскер үшін де және ізгі азаматтар үшін де күтпеген салдарға әкеп соғуы мүмкін», деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, 2018 жылы Алматы облысының аумағында 17 350 бөтен мүлікті ұрлау фактісі тіркелген. Республикалық көрсеткіштер бойынша ұрлықтың ең көп көрсеткіші тек Алматы қаласына ғана жол беретін Алматы облысына тиесілі. Бұл ретте аталған қылмыстардың ашылу көрсеткіші өткен жылы 32%-ды құраған.
Соның ішінде 1 338 мал ұрлығы, оның 44%-ы ашылса, келтірілген материалдық шығын 157 миллион теңгені құрайды. Сондай-ақ, 1 843 бас мал ұрланған. Облыс бойынша 422 адам ұсталып, оның 239-і бұрын осы ұрлық жасағаны үшін жазаға тартылған. Бұл олардың 57%-ы. Әрбір үшінші мал ұрлығы жеке аулада жасалған.
«Мал басын есепке алуды және бірдейлендіруді күшейту (таңбалау, сырғалау,чиптеу) ветеринариялық анықтамалар мен паспорттарды беруді қатаң бақылауға алып, қажетті шаралар қабылдау қажет.
Тиісті органдар күдіктілерге қатысты неғұрлым қатаң бұлтартпау шараларын қолдану қажет. Көп жағдайда күдіктілерге қатысты «ешқайда кетпеу туралы қолхат» немесе «кепіл» қолданылады. Осы себептен ұрлық жасауда негізделген күдіктілердің 5 мыңнан астам адам бостандықта қалуда», деді Нұрлан Қылышбаев.
Ол депутаттық сауалдың қарау нәтижесін «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабында белгіленген мерзімде хабарлауын сұрады.
Дереккөз: http://egemen.kz/