қылмыскер 4 адамды қалай өлтіргенін айтып берді 

0

2014 жылы Шымкент қаласындағы көпқабатты үйде екі бөлек пәтерде тұратын төрт адамның мәйіті табылды – екі ер адам және екі әйел. Төртеуін де пышақтап кеткен

Полицейлер екінші пәтерге кіргенде өз-өзіне қол салғысы келген ер адамды ұстады. Ауруханада есін жиған Евгений Еремин бірден өз кінәсін мойындады. «Төртеуін де мен өлтірдім!», — деп ағынан жарылды. Оған себеп танысы Александр Смагин және зергер ағасы Михаил жарты келі алтынның ақшасын бермей қойған. Содан жанжал туындап, арты ауыр қылмысқа ұласқан. Ал екі әйел сол қылмыстың куәгері болып қалады. Қандықол қылмыскер полицияға төрт адамды қалай өлтіргенін айтып берді.  

 (Жалғасы. Оқиғаның басын мына жерден оқи аласыз)

«Алтынның ақшасын бермей қойған»

Евгений Еремин бұрынғы танысы Александр Смагинге бара жатқанда біреуге пышақ ала жүгіремін деп ойламаған. Адам өлтіруді де жоспарламапты. Түрмеде бірге отырған жолдасына хабарласып, 23 ақпанды атап өтуге барады. Сол жерде сөзден сөз шығып, арты жанжалға ұласып кеткен.

Бас кезінде дастарқан басында жақсы тілектер, емен-жарқын әңгіме айтылады. Ал Еремин алтын туралы сөз қозғағанда Смагиннің қабағы түйіле бастайды. Евгений ақшаны күтіп жүргенін тағы еске салады. Александрдың қай күні есептесе алатынын қайта-қайта сұраған.

Ол кезде екеуі де әжептәуір ішіп алған еді. Бірнеше секундтың ішінде пікірталас дауға ұласып кетеді. Ал Смагин ақшаны бермеймін деп шыға келеді. «Бұл әңгімені ұмытатын кез келді ғой. Ешқандай ақша да, алтын да жоқ», — дейді ол.

Евгений алданып қалғанына ашуланып, не ақшаны, не алтынды қайтарап беруін талап етеді. Алайда Смагин ақшаны қайтарғысы келмейді. Өзінің әлді екенін біле тұра, алдымен Ереминді сөзбен кемсіте бастайды, одан кейін бетінен бірнеше рет ұрып жібереді. Оған түрмеде екі рет отырып шыққан қылмыскер шыдай ма? Ереминнің көзі қанталап кетеді. Ол үстелдің үстінде жатқан асүй пышағын ала жүгіреді.

Бизнесменнің бүкіл отбасын қырып салған: Алматыдағы адам шошырлық қылмыстың мән-жайы

Смагин ондай жауапты күтпеді. Басқа бөлмеге тығыламын деп қаша жөнеледі. Бірақ Еремин оған дәлізде ваннаның дәл жанында жетіп алады да, пышақты сұққылай бастайды. Смагин алғашқы бірнеше соққыдан кейін жан тапсырса да, Еремин тоқтаған жоқ.

Смагиннің азаматтық некеде тұрған әйелі Татьяна Моисеева бәрін көріп тұрған. Бас кезінде мелшиіп қатып қалады. Ал өз-өзіне келгенде айқалауға да үлгермеді. Еремин оның кеудесіне үш рет пышақ салып өлтіреді.

Күтпеген қонақ

Евгений екі бірдей адамды өлтіріп тастағаннан кейін мәйіттерін бөлмеге сүйреп апарады. Сол жерде не істейтінін ойланады. Бір кезде біреу  кіреберіс есікке кілт салып, бұрай бастайды. Үйге әйел адам кіріп, иелерін шақырады. Ол Александрдың жеңгесі Людмила Смагина болған. Жолдасы Михаил екеуі көрші кіреберісте тұратын.

Еремин зергердің әйелін бірден таниды. Людмила да бір нәрсенің болғанын сезсе керек. Содан айқайлап, көршілерді көмекке шақыра бастайды. Евгений көп ойланған жоқ. Үстелде жатқан пышақты алып, әйелге бірнеше рет сұғып жібереді. Сонда қатты ұрғаны сонша, пышақтың жүзі сынып қалады. Еремин асүйге барып, тағы бір пышақты алады. Онымен бастаған қылмысын аяқтамақшы болады.

Людмила әлі тірі жатқан. Евгений жақындағанда ол жалынып, өлтірмеуін сұрайды. Осы кезде Еремин ойланып қалады. «Үйіңнің кілтін бер. Сосын алтыным қайда жатыр? Соны айт», — деп сұрайды. Ал кілтті алғаннан кейін Людмиланы орындыққа отырғызып қояды да, байлап тастайды. Шығып бара жатқанда жедел жәрдемді шақырамын дейді.

Бәлкім, қандықол қылмыскер солай істейтін бе еді. Алайда Людмила оның шыққанын күтпей, қатты айқайлай бастайды. Осы кезде Еремин жақындап келеді де, пышақты тағы бірнеше рет сұғып жібереді.     

Қылмыскер не үшін өз-өзіне қол салды?

Еремин көрші кіреберісте тұрған зергердің үйіне бара жатқанда өз алтынын алып кетуді ойлайды. Оны таппаса, алтынның ақшасы шығады деген сенім болған. Алайда ойлағаны мүлдем басқаша болып шықты.

Евгений есікті ашып, үйге кіргенде дәл алдынан Михаил Смагин шықты. «Оны да өлтіруге тура келеді» деген ой сап ете қалады. Пышақ Михаилдың қарнына қадалды, бірақ есінен тандырған жоқ. Смагин бұрылып, асүйге қарай жүгіреді. Сол жерде қолына шанышқы түсті. Онымен тойтарыс беруге тырысады. Алайда ол айқас ұзаққа созылған жоқ. Бірнеше пышақ жарақатынан кейін Михаил жан тапсырды.

Осыдан кейін Еремин алдымен ваннаға барып, үстіндегі қанды жуып кетіреді. Сосын пәтерді тінтіп, жарты келі алтынын іздей бастайды. Ол болмаса, ақша шыға ма деп ойлайды. Бірақ бірнеше зергерлік әшекей мен ұялы телефондардан басқа ештеңе таппайды.

Үйден шығайын деп жатқанда біреу есікті қағады. Тесіктен қараса, полицейлер тұр. Оларды көршілер шақырыпты. Осы кезде Еремин қашып құтылмайтынын түсінеді. Бір бөлмеден сым тауып, өз-өзіне қол салмақшы болады. Алайда есікті бұзып кірген полицейлер оны құтқарып қалады. Құқық қорғаушылар оның қалтасынан төрт пышақ тауып алады. Төртеуі де қанға боялып тұрған.

Соттың үкімі

Сотта Еремин өз кінәсін толығымен мойындады. Алайда сол күні есін білмегенін, себебі қатты мас болғанын қайта-қайта айтумен болды. Алайда сот-медициналық сараптама оның қылмыс жасағанда есін білгенін және өз әрекетіне толығымен есеп бергенін көрсетті.

Сараптамаға сәйкес, қандықол қылмыскер ақшаны беремін деп алдап кеткен Александр Смагинге тоғыз рет пышақ салса, оның азаматтық некедегі әйеліне үш рет пышақ сұғып өлтірген. Үшеуі де тура жүрек тұсына келген. Людмила Смагинаның денесінде он бір пышақ жарақаты болды. Ал зергер Михаил Смагин жеті соққыдан кейін көз жұмды.

Оқиға орнында барлық қажетті дәлелдер табылды. Ереминнің өзі де істеген қылмысын мойындады. Сөйтіп, қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.

 



sputniknews.kz