Home Жаңалықтар Қылмыс үшін тәркіленген қымбат көліктерге қатысты мәлімет шықты

Қылмыс үшін тәркіленген қымбат көліктерге қатысты мәлімет шықты

0
30

Қазірде уақытша сақтау қоймаларында қылмыстық және әкімшілік істер үшін тәркіленген 117 көлік бар

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Қаржы министрлігі уақытша сақтау қоймаларында тұрған қымбат көліктерге қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сәйкес, бүгінде уақытша сақтау қоймаларында тұрған көліктердің бәрі 2006-2016 жылдар аралығында қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заттай айғақ ретінде тәркіленген. Көліктердің жалпы саны – 117, шығарылған жылы – 1965-2013 жылдар. Бағалары 500 – 9000 АҚШ доллары аралығында.

«Соның ішінде Қырғызстан азаматтарының сенімхатымен Қырғызстан Республикасынан Қазақстан Республикасына әкелінген жеңіл автокөліктер де бар. Бұл көліктер кедендік заңнаманы бұзу, сондай-ақ кеден және салық төлемдерін төлемеу фактілері үшін тәркіленген болатын», – дейді комитет мамандары.

Тағы оқыңыз: Вице-министр қазақстандықтар армениялық көлікті қалай сатып алатынын айтты

Қазіргі кезде уақытша сақтау қоймалардында тұрған 117 автокөліктің барлығын Еуразиялық экономикалық одақ аумағында пайдалануға тыйым салынған. Себебі қауіпсіздік бойынша техникалық регламенттерге сәйкес келмейді. Осыған байланысты қосалқы бөлшекпен сатылады, я болмаса утилизацияға жіберіледі.

«Техникалық регламентке сәйкес емес, бірақ бұдан әрі пайдалануға жарамды автокөлік құралдары қосалқы бөлшектер бойынша іске асыру үшін «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ уәкілетті ұйымына берілген. Ал іске асыруға және бұдан әрі пайдалануға жарамсыз автокөлік құралдары уәкілетті мемлекеттік органдармен келісіліп, тиісті қаражат табылғаннан кейін утилизацияға жіберілетін болады», – делінген ресми хабарламада.



sputniknews.kz