Қылмыс саны азайып келеді

0
89

Есепті кездесуде департаменттің бастығы облыс көлемінде қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға төмендегендігі туралы айтты.

Ол өз есебінде полиция жұмысын жаңғырту, жаңа сатыға көтеру, азаматтардың құқығын қорғайтын тәртіп сақшысының имиджін қалыптастыру, сонымен қатар, полиция қызметіне сандық технологияларды енгізу жұмыстары жөнінде ойларын тарқатты.

Еркін сұхбатта облыс тұрғындары департамент бастығына өз сауалдарын тікелей қоюға мүмкіндік алды.

Жиын соңында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов полиция қызметі халықтың сенімі арқылы өлшенетінін айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы