Қуық ісіктері | туралы қазақша

    0
    150

    Қуықтың ісіктері барлык жана түзінділердің шамамен 4 процентін қүрайды, урологиялық стационарлардағы науқастардың 5-8 проценті жөне несеп-жыныс мүшелерінің жаңа түзінділерімен ауыратын науқастардың 50 проценттейі жиілігі жөнінен асқазан, өңеш, өкпе және көмекей ісіктерінен кейінгі орынды алады.

    Әйелдер қуығының ісігіне қарағанда еркектер қуығының ісігі әлдеқайда жиі кездеседі (4:1). Еркектер қуығы ісігінің жиі болуын олардың канцерогенді заттармен едәуір жиі жанасатынымен және несептің қуықта едәуір үзақ сақталатынымен түсіндіреді. Қуық ісігінің басым бөлігі (95%) эпителий текті болады, яғни қуықтың ішкі бетін астарлап жатқан ауыспалы эпителийден пайда болады.

    Этиологиясы. Қазіргі уақытта қуық ісігі пайда болуының химиялық деориясы кең таралған. XIX ғасырдың екінші жартысында анилин бояулары өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылардың куықтарында жаңа түзінділердің жиі пайда болатынына көңіл аударылды.

    Патогенезі. Астауша мен, тостағаншаға қарағанда қуықта ісіктің едәуір жиі байқалатыны кездейсоқ оқиға болмаса керек, өдетте ол қуықтың үшбұрышы мен мойнында орналасады, мұнда кілегей қабықтың несеппен жанасуы барынша ұзақ болады.  Егде жастағы еркектердің қуығында ісіктің жиі пайда болуын зөрдін тұрып қалуымен (стаз мочи) түсіндіруге болады.

    Қазіргі мағлүматтар бойынша, куық ісігінің генезінде адамды қоршаған ортаның канцерогенді факторлары да, атап айтқанда, түтін, автокеліктердің газдары маңызды орын алады. Қуық рагымен ауыратын науқастардың ішінде шылым шегушілердің көп кездесуі олардың арасында белгілі бір байланыс бар деп есептеуге мүмкіндік береді. Қуықта зәрдің тұрып қалуы экзогенді химиялық әсер тұсында маңызды патогенездік рел аткарады. Химиялық канцерогенді заттардың қуыққа түсіп, оның кілегей қабығына негізінен уриногенді жолмен есер ететіні аныкталған.

    Патологиялык анатомия. Қуық ісігі бастапқы жөне ақырғы ісік болуы мүмкін. Ақырғы ісік деп көршілес мүшелерден шығып, қуыққа есетін ісіктерді айтады. Сонымен бірге, қуықтың эпителий текті жене эпителий текті емес ісігін де ажыратады. Юшникалық практикада қауіпсіз, эпителий текті емес ісіктер — фиброма, миома, фибромикеома, гемангиома өте сирек кездеседі. Қауіпті, эпителий текті емес Ісік — саркома біршама жиі байқалады. Мүндай ісіктер кез келген жастағы адамдарда өседі, еркектерде жиі кездеседі. Саркома өкпеғе, плевраға, бауырға және басқа мүшелерге, аймақтық лимфа түйіндеріне ерте және жайылған метастаза береді, қуықтың қабырғасына сіңіп, одан жамбас мүшелеріне өтеді.

    Қуықтың эпителий ісігі — папиллома мен рак барынша жиі кездеседі. Қуық папилломасы дербес қауіпсіз ісік қана емес, ракқа апаратын бластоматоз процесінің бастапқы сатысы болып та табылады. Практикалық мақсаттар үшін қуық ісігінің мынадай морфологиялық классификациясы барынша қолайлы болады:

    1. әдеттегі папиллярлық фиброэпителиома;
    2. әдеттен тыс папиллярлық фиброэпителиома;
    3. папиллярлық рак;
    4. бастапқы инфильтрлеуші рак.

    Әдеттегі папиллярлық фнброэпителиома. Бұл топқа жататын ісіктердің ең маңызды белгісі — эпителийінің жайылып өсуін кілегей қабықша қатаң шектеп тұрады, бұлайша өсу қуық қуысына қарай бағытталған және еркін қозғалады.

    Әдеттен тыс папиллярлық фиброэпителиома. Бұл форманың әдеттегі фиброэпителиомадан айырмашылығы — ашасы едеуір кең және тығыз, өте қысқа, жуандаған, бүрлері дерекі. Бұл көп шығатын ісік. Үлкендігі әр түрлі, есу сипаты едәуір тез.

    Папиллярлық рак. Бұл қуық рагының барынша жиі кездесетін формасы. Сырттай ол әдеттен тыс папиллярлық фиброэпителиоманы еске түсіреді, бірақ үлкен болады, кең негізге орналасады, ісіктің бүрлері қысқа әрі жуан, жараға айналуға жене некрозға бейім, Бірлі-жарым немесе көп шығатын ісік. Эпителийінің инфильтрлене өсуі осы топқа жататын ісіктердің маңызды айырым белгісі болады.

    Ісіктердің келтірілген үш түрі ракпен аяқталатын, белгілі бір, занды түрде үдеп бара жатқан пролиферативті процестің әр түрлі сатылары болып табылады.

    Бастапқы инфильтрлеуші рак. Бұл эндофитті өседі, куық қуысында аз тұрады, қуық қабырғасының тереңіне тез таралуға жөне жараға айналуға бейім, анық байқалатын қабыну жөне деструктивті құбылыстарға (ісіктің ірінді қабынуы, оның айналасындағы буллездік ісік) ұласады. Рак ісігінің өсуі қуық қабырғасының біртіндеп өсуіне жөне оның қуысының ісік массасына толуына өкеп соқгырады, Қуықтың қабырғасы кенет қалындап, серпімділігінен айырылады. Несепағардың сағасын қамтыған ісік, өдетте, несептің қуысына қарай өспей, оны тек сыртынан қысады. Бұл кезде бүйректен зөрдің шығуына тұрақты кедергі туып, несепағар мен астауша кенет кеңейеді, оған тез арада инфекция қосылады.

    Қуықтың шегінен шыққан рак кіші жамбастың клетчаткасы, ащы ішек, қуық безі, жатыр, қынап, іштің терісі секілді көршілес мүшелер мен тканьдерге өседі. Қуықтың ұш жағына орналасқан рак құрсақ қуысына таралып, онда да ұрық шашуы мүмкін. Қуық рагы көбіне аймақтық лимфа түйіндеріне жайылады.

    #Қуық #ісіктері