«Құттықтап қойыңыздар». Аша Матайдың күйеуі жақсы жаңалығын бөлісті (видео)

0

Тележүргізуші Аша Матайдың күйеуі, танымал әнші әрі «Mysterions» тобының мүшесі Арман Қоңыр әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті. Бұл туралы Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап жазады. Өнер иесі су жаңа темір тұлпарын көрсетті. 

«Құттықтап қойыңыздар! Осы жылы жаңа темір тұлпар сізге де бұйырсын!» — деп жазған әнші.

Мұндай жақсы жаңалықты өнер иесінің әріптестері мен оқырмандары құттықтап, жазба астына пікір қалдырған.

«Арман жарайсың, әкесіне көлік сыйлады, енді Ақботаға сыйлап жатыр. Нағыз жігіт, отбасыңмен аман бол», «Берекелі болсын, бауырым!», «Құтты болсын», «Ең жақсы әйелдің ең жақсы күйеуі», «Құтты, берекелі көлік болсын», «Құтты болсын, бізге де жұғысты болсын», — деп жазған олар.