«Құттықтап қоюға болады»: Айгүл Иманбаева жақсы жаңалығын бөлісті

Танымал әнші Айгүл Иманбаева жақсы жаңалығын жариялады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жолдасымен бірге Лос-Анджелес қаласында тұрып жатыр.
“Кеш жарық, қадірлі менің оқырмандарым! 2024 жылдың 23 ақпан күні – жолдасым Ерлан екеуміздің заңды некеге отырып, шаңырақ көтерген күніміз. Биыл 1 жыл толып отыр. Құттықтап қоюларыңызға болады. Әрбір адам баласының тағдыры бір Жаратушының қолында. «Әйел қырық шырақты” деген осы шығар. Әрбір әйел бақытты болуға лайық”, – деп жазды әнші.
“Күйеуім 10 жылдан бері Америкада тұрады. Қызы Лондонда оқиды. Өзім секілді ажырасқан жігіт. Тағдырымыз ұқсас болып тұр. 1977 жылы дүниеге келген. Найман руының жігіті. Бірақ менен алты ай ғана кіші. Ортақ достарымыз арқылы таныстық”, – деген еді өнер иесі.