Құстар – біздің досымыз — Ашық сабақ
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Жаратылыстану»
Блок тақырыбы: «Біздің кіші достарымыз»
Апта тақырыбы: «Қанатты достар»
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты:
Білімділігі: Балалардың құстар туралы түсініктерін қалыптастыру, құстарды ажыратып, атап білуге үйрету.
Дамытушылығы: Құстар туралы ой — өрістерін, сұраққа жауап беруін, сөздік қорын танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Құстарды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ — жауап, ойын.
Көрнекіліктер: Құстардың суреттері. ұя, тал, слайд.
Жүру барысы!
Шаттық шеңбер:
Құстарға біз барамыз,
Бірге ән де саламыз
Қуанамыз, күлеміз
Асыр салып ойнаймыз.
Жаңа сабақ:
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Көктем.
— Көктем айларын атайықшы балалар.
— Наурыз, сәуір, мамыр.
— Балалар бүгін біздер құстар жайында білетін боламыз.
— Көктемде күн жылынады, ағаштар бүршік жарады. Салқын түсе жылы жақа ұшып кеткен құстарымыз, көктемде қайтып оралады.
— Балалар қараңдаршы, торғай – өзі кішкентай, дөңгелек тәрізді тұмсығы да аяқтары да кішкене құс. Бұлар топтасып ұшып жүреді. Торғайлар дәнмен қоректенеді. олар дән жегенді ұнатады. Адамдар торғайларға жемсалғыш жасап, қамқорлық көрсетеді.
— Қарлығаштың бауыры ақ қалған жері қара қанаты сүйір құйрығы айыр, ол адамға дос. Ұясын үйдің айналысына салады.
— Қарғаның денесінің түсі қара, тамақ талғамайды, кез келген тамақты мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.
— Құстар біздің досымыз, құстар ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғайды. Құстарға адамадар ағаштан ұя жасап қояды.
Сергіту сәті:
Кәне қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып — ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
Ғажайып сәт:
Құстар патшалығының ханшайымы қонаққа келеді.
— Сәлеметсіздер ме балалар!
— Мен құстар патшалығының ханшайымымын. Құстар тақырыбында ашық оқу қызметі
өтіп жатыр деп естіп әдейі қатысуға келдім.
— Мен өзіммен бірге құстарға арнап ұя ала келдім.
— Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, қандай әдемі ұя?!
— Атай ұяңызды ашып көрсетіңізші, ұяшық ішінде не бар екен?- деп біздің балалар асыға тосып отыр.
— Балалар менің тапсырмамды орындасын сонда ғана көрсетемін.
Дидактикалық ойын: «Қандай құстың дауысы?»
Ата:
— Балалар, жарайсыңдар менің құстарымның дауысын жақсы айыра біледі екесіңдер. Енді мен сендерге ұяның ішінде не бар екенін көрсетемін.
Құстарға жем шашылады.
— Сендер менің құстарыммен дос екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Сау болыңдар!
— Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
(Балалар жауабы)
— Ал, енді балалар «Ұшты — ұшты» қимылды ойынын ойнайық.
Ұшты, ұшты қарға ұшты
Ұшты, ұшты түлкі ұшты
Ұшты, ұшты торғай ұшты
Ұшты, ұшты қарлығаш ұшты
Ұшты, ұшты машина ұшты
Ұшты, ұшты ұшақ ұшты.
— Жарайсыңдар, балалар сабаққа өте жақсы қатыстыңдар?!
Атырау қаласы Бірлік ауылы
№33 «Көркемай» балабақшасы
I кіші топ тәрбиешісі
Ситкалиева Анаргул Боранбаевна