«Құшақтасамыз» Дариға Назарбаева ресейлік қонақтарға бүгінгі мерекенің мәнін түсіндірді
Қысқа сілтеме алу
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Сенат депутаты, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Ресейдің Федералды жиыны Федерация кеңесінің қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен халықаралық істер комитетінің төрағаларымен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Виктор Бондарев әріптесі Дариға Назарбаеваны өткен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
«Ештен кеш жақсы деген. Сондай-ақ, құттықтауға бүгінгі күн де жаман емес деп санаймыз. Тарихтан білетінімдей, бүгін Қазақстанда Жаңа жыл басталады», — деді Бондарев.
Осы кезде сөзге араласқан Дариға Назарбаева Ресейден келген әріптестеріне бүгін күн қандай мереке екенін түсіндірді.
«Бүгін Көрісу күні, бұл біздің дәстүрлі мерекеміз, ертеден тойланады. Біздің ата-бабаларымыз көшпелі өмір салтын ұстанғанын білесіздер. Сол кезде қытымыр қыста бір-бірін көре алмаған. Күн жылынып, қар ери бастаған кезде, қыстан аман-есен шыққанын тойлап, бір-бірімен құшақтасып көріскен», — деді сенатор.
«Біз де қыстан аман шықтық. Міндетті түрде құшақтасып көрісеміз»,- деп күлді Бондарев.
Назарбаева журналистердің рейтинг қуып кеткеніне алаңдайды
«Осы екі күн бойы құшақтасамыз. Сіз де, біз де қыстан аман-есен шықтық. Бізде биыл 45 градусқа дейін аяз болды», — деп әзілдеді Назарбаева.
Тағы оқыңыз:
sputniknews.kz