Құрылысшыларға салық төлеу міндеттелуі тиіс

Құрылыс компаниялары Қазақстанда ең ірі табыс табатын салалардың бірі саналады. Алайда олардың бюджетке төлейтін салығы мардымсыз. Мысалы, ең кіші тұрғын үй кешенінің (ТК) құны 10 миллиард теңгеден басталады, ал ірі жобалар 50 миллиард теңгеден асып жығылады. Соған қарамастан, олар табыстарын жасыру үшін бизнесті ұсақтауға әуес деп жазады Казахстан и все-все-все телеграм арнасы.
Градостроительный кеңесінің бір отырысында бір ғана құрылыс холдингі бірнеше рет түрлі жобалармен шыққан еді. Сол бір компанияның өкілдері түрлі фирмалар атынан сөйледі, бірақ шын мәнінде олар бір-бірімен байланысты. Бұл тек көрінетін жағы, ал шын мәнінде әрбір жұмыс түрі ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерге (ЖК) тапсырылып, құрылыс алаңында көптеген шағын фирмалар жұмыс істейді. Осылайша, айналымнан түскен табыс көзден бұл-бұл ұшады.
Құрылыс компанияларының айналымы жүздеген миллиард теңгені құрайды. Мысалы, олардың көлемін Krisha.kz сайтынан көруге болады. Соған қарамастан, олар мұндай қомақты қаржымен қосылған құн салығын (ҚҚС) төлемейді. Бір кездері құрылыс компанияларын ҚҚС-тан босату баспана бағасын арзандатуы тиіс еді, бірақ шын мәнінде баға 21 есе өсті.
Сонымен қатар, бұл сала – ең көлеңкелі секторлардың бірі. Мұнда салықтан жалтарудың түрлі жолдары, «қолма-қол ақшаға айналдыру» схемалары кеңінен тараған. Егер жеңілдіктер алынып тасталса, бұл саланы ашық етуге мүмкіндік берер еді. Сарапшылардың есебінше, құрылыс компанияларын салық төлеуге міндеттеу арқылы бюджетке кемінде 130 миллиард теңге қосымша қаражат түсер еді. Бұл шамамен 40 жаңа мектеп салуға жететін қаржы.
Мемлекет үшін жылжымайтын мүлік нарығының ашық әрі әділ болуы маңызды. Ол азаматтардың мүддесіне жұмыс істеуі тиіс, ал құрылыс саласындағы шағын топ қазақстандықтардың ақшасына Дубайдан зәулім сарай сатып алмауы керек. Сондықтан құрылыс саласындағы салықтық бақылаудың күшеюі – дұрыс шешім.
Мен бұл мәселені бұған дейін Қоғамдық палатадағы салыққа қатысты дөңгелек үстелде көтерген едім. Дәл осы құрылысшылар бизнесті ұсақтауға және салықтан жалтаруға келгенде көш бастап тұр. Мемлекет алдымен неге қызмет көрсету саласын емес, құрылыс секторын бақылауға алды деген сұраққа да жауап қарапайым: құрылыс саласында салықтық бақылау үшін мол мүмкіндік бар.
Бұдан бөлек, баспана сапасы, сатып алушыларға кепілдік, қалалық инфрақұрылымның дамуы секілді мәселелерді де назардан тыс қалдырмау керек. Себебі қымбат тұрғын үйлердің сапасы жоғары болатынына ешкім кепілдік бере алмайды.
Қазақстанда жаңа салық мәдениеті қалыптасып келеді. Қоғам салық төлеу – ауыртпалық емес, елдің дамуына қосылған үлес екенін түсінуі тиіс. Мемлекет кәсіпкерлерге бизнесті ашық жүргізуге жағдай жасайды, бірақ заң талаптарын орындауды және көлеңкелі схемалардан бас тартуды талап етеді.