Домой Жаңалықтар Құрылыс тоқтады — ақша судай ағып жатыр: LRT қызметкерлері жалақы алуды жалғастыруда

Құрылыс тоқтады — ақша судай ағып жатыр: LRT қызметкерлері жалақы алуды жалғастыруда

0
169

«LRT Construction Directorate» ЖШС-ның қаржылық есебінде көрсетілгендей, еңбек шығындары құрылымдағы ең үлкен үлесті (65%) иеленеді, деп хабарлайды NewTimes.kz inbusiness.com сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылы бұл мақсатқа 145,8 миллион теңге жұмсалды. Бұл ретте 2021 жылға орташа есеппен 40 адамды құрады. Сөйтіп, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 300 мың теңгені құраған екен.
Еске салайық, бұл дирекция Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысымен оның 100% қатысуымен құрылған болатын. Жарғыға сәйкес серіктестіктің негізгі қызметі жобаларды басқару бойынша консалтингтік қызметтерді көрсету болып табылады.
Серіктестік өз қызметін LRT жүйесінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгенге дейін жүзеге асырады. Кірістің негізгі бөлігі осы ЖШС, CTS және China Railway Asia – Europe Construction Investment Co арасындағы үш жақты келісімге сәйкес қызметтерді көрсету есебінен қалыптасады.

Өткен жылы негізгі қызметтен түскен кіріс 224 млн теңгені құрады. Оның 145,8 миллион теңгесі қызметкерлердің жалақысына, 35 миллионы үй-жайлпрды жалға алуға, 9,8 миллион теңгесі көліктерді жалдауға кеткен. Қаржылық есептілікке 2022 жылдың 27 наурызында қол қойылды.
Әкімдіктің  аяқталмаған желі құрылысының аяқталуына байланысты жұмыс туралы ревизиялық актіде ештеңе айтылмаған.
Сағат 17:48-дегі нақтыланған ақпаратқа сәйкес, бүгін «Дирекцияны» «Қалалық көлік жүйелері» ЖШС-не міндетті қаржылық аудитпен қосу мәселесі қарастырылуда.
2019 жылдан бері дирекция қызметкерлері бірнеше рет жалақысыз демалысқа шыққан. 2020 жылдың маусым айынан бастап компания үй-жайды, көлікті және басқа заттарды жалға алу құнын айтарлықтай төмендетті.

CTS сонымен қатар 40 қызметкер ең төменгі жалақы алатынын хабарлайды. Олар техникалық шарттарды үйлестіру бойынша ағымдағы жұмыстарды жүргізеді. Бұл ретте дирекция бюджеттен қаржыландырылмайды, өз қызметін Қытай тарапы құрылыс сметасында қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырады.
Еске салайық, 2019 жылдың көктемінде елорда әкімдігі қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан LRT желісінің құрылысы тоқтатылатынын хабарлаған болатын.
Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында аяқталмаған жоба туралы мәселені көтерген болатын. Президент оның бастапқыда қате болғанын атап өтті.
BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев LRT желісінің тіректерін компания есебінен бөлшектеуді ұсынды.
Қаңтардың ортасында елорда әкімдігінің қалалық орталығы жерүсті метро жобасының болашағын талқылауға мүдделі мамандарды шақырды.

(Фото inform.kz)