Құрылыс салынбағанда, бәрі аман қалушы еді –» Бек Эйр» ұшақ апаты туралы
Bek Air компаниясы әуежай маңында салынған ғимарат ұшақ апатынан адамдардың қаза табуының тағы бір себебі болды деп санайды
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. Алматы түбіндегі ұшақ апатынан адамдардың қаза табуына ұшып-қону жолағының жанында тұрған үй себеп болды. Бұл туралы «Бек Эйр» компаниясының төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов БАҚ-қа арналған баспасөз конференциясында айтты.
«Егер үй болмағанда, ұшақ қирамай, бәрі аман қалушы еді. Тіпті қоршау тұрса да. Ол сырғып барып, сол жағымен үйге соғылып, ішке кіріп кеткен. Сонымен бірге бактерге ауа кірмейтін болып қалған, — деп есептейді Жұмасұлтанов.
Бұған дейін компанияның шеф-ұшқышы Юрий Саппаров құлаған ұшақ басқа ұшақтың салдарынан апатқа ұшырауы мүмкін деп айтқан болатын.
Алматыдағы трагедия
Айта кетсек, ұшақ апаты 27 желтоқсан таңғы сағат жетіде болды. Bek Air әуе компаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлады.
Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші ұшқыш ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.
Тағы оқыңыз: Ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына өтемақы қалай төленеді
Қазір 46 пациент ауруханада, оның тоғызы – бала. Денсаулық сақтау минстрлігі балалардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты. Тоғыз адамның жағдайы әлі ауыр.
Ішкі істер министрлігі әуе апатына себеп болған үш жағдайды атады. Олар: экипаж қателігі, техникалық ақау және навигациялық қызмет жұмысы.
Ұшақтың қара жәшігі Мәскеудегі мемлекетаралық авиация комитетіне тапсырылды. Тергеудің алдын ала қорытындысы 10 қаңтарға дейін жарияланбақ.
Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды. 28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
sputniknews.kz