құрылу тарихы мен шығармашылық ұжымы

0

Антон Чехов атындағы театр – тамаша әртістер мен режиссерлерден, суретшілер мен өз ісінің шеберлерінен құралған команданың жемісі

Театр тарихы

Павлодарда кәсіби деңгейдегі театр ашылғанға дейін әуесқойлар бас қосқан труппа жұмыс істеп тұрды. 1893 жылы шыққан афишалардан мадам Плотникова ұйымдастырған әуесқой қойылымдар туралы білеміз. Сондай-ақ, көрермен сүйіп көретін спектакльдер жайында «Омбы телеграфы» газетінде де жазылған болатын.

1920-30-жылдары қалаға арнайы келген труппалар «Шеңбердің төртбұрышы», «Анна Каренина», «Аюдың үйлену тойы», «Доллар мен тоқ», «Тотығу», «Күйреу» сынды қойылымдарды қойды. Осы кезде жергілікті әуесқой актерлер Павлодар облыстық қазақ драма театры ашылғаннан кейін де көрерменді қуантуын жалғастырды. Олардың қатарына арнайы шақырылған әртістер қосылып, облыстық қазақ театрында орыс труппасы құрылды. 1940 жылы өнер ордасының атауы орыс драма театры болып өзгерді.

Театрдың шығармашылық ұжымы

Алайда Павлодар облыстық орыс драма театрының туған күні 1945 жылдың 6 қарашасы деп есептеледі. Жаңа театрдың алғашқы маусымы «Платон Кречет» қойылымымен ашылды.

Тағы оқыңыз: САНТ театры туралы қызықты деректер

Театрдың алғашқы шығармашылық ұжымында 7 актер мен 13 актриса жұмыс істеді. Театр труппасында ҚазКСР халық әртісі К. Струнина, ҚазССР еңбек сіңірген қайраткері З. Поджио сынды танымалдар өнер көрсетеді. Театрдың бас суретшісі С. Морозов болды.

1947 жылдың 1 қаңтарында орыс ұжым барлық одақ театрларының қатарына қосылып, жеке мекемеге айналды. Директор болып Л. С. Жуков, көркемдік жетекші болып А. П. Струнин тағайындалды. Осы кезде театрға 513 адам сиятын ғимарат берілді. Бұл қалалық бақтағы жасыл эстрада ғимараты болатын.

1960-1972 жылдардың аралығы театр үшін тың өзгеріске толы болды. Бұл кезде театрды ГИТИС түлегі В. Ермаков басқарған болатын. Ол ешбір кәсіби театр жасай алмаған идеяларға жан бітірді. Сондай-ақ, театрда Владимир Кузенков, Олег Афанасьев, Дариан және Татьяна Дралюки, Леонид Монастырский, Светлана Степанова, Анатолий Пискунов сынды өз ісінің шеберлері жұмыс істеді.

Өнер ордасының репертуары

Осылайша аз уақыт ішінде жоғары деңгейде жұмыс істейтін труппа құрылып, қойылымдарды сахналау үшін мәскеулік режиссерлер шақырылды. Екі маусымда театр дағдарысқа ұшырап, кейін қайтадан Қазақстанның үздік өнер ордаларының қатарына кірді.

Тағы оқыңыз: Жамбыл облыстық қазақ драма театры

2000 жылы театрда экспериментальды қойылымдар қойылған кіші сахна ашылды. 2002 жылы театр сахнасында алғашқы қазақстандық мюзикл – Теодор Драйзер романы бойынша сахналанған «Керри әпке» қойылды.

Бүгінгі таңда көрермен қауым «Махаббат туралы поэма», «Сараң», «Шағала», «Шие бағы», «Үш әпкелі-сіңілі», «Өлгендердің жаны», «Үміт оты», «Көз жассыз, өмірсіз, махаббатсыз» сынды қойылымдарды сүйіп көреді.



sputniknews.kz