Құрт пен айранның өлімге әкелетін ауруларға шалдықтыратыны анықталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

ДДҰ мамандары Қазақстан тұрғындарын тұзды тұтыну көлемін азайтуға шақырды  

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ)  Қазақстан тұзды ең көп тұтынатын елдердің бірі екенін мәлімдеді.   

Соңғы жылдары ДДҰ қолдауымен үш зерттеу жүргізіліп,   Қазақстан әлемдегі тұзды ең көп тұтынатын елдердің бірі екені анықталған. Мамандардың айтуынша, елде әрбір адам күніне 17 г тұз тұтынады, бұл ДДҰ ұсынған нормадан төрт еседей көп көрінеді.   

«Қазақстанда тұзды тұтыну деңгейінің жоғары болуына тарихи және заманауи үрдістер себеп болып отыр. Бұрын адамдар тұзды азық-түлікті – әсіресе ет пен шұжықты, сондай-ақ құрт, айран сияқты ашымал сүт өнімдерін сақтау мерзімін ұзарту үшін пайдаланды», — деп жазылған ДДҰ хабарламасында.

Зерттеу көрсеткендей, Орталық Азияда тұзды дәстүрлі тағамдарды өндіру үрдісі әлі де жалғасып келеді, ал өңделген азық-түліктердің пайда болуы жағдайды одан сайын нашарлатып жіберген.

ДДҰ азық-түліктің бұл зиянды бөліктері созылмалы аурулардың өсуіне әкелетінін ескертті.

«Дәрігерлер Қазақстан халқы дұрыс тамақтану, әсіресе тұзды тұтынуға қатысты ұсынымдарды ескермейтін болса, бұл жүрек-қан тамырлары аурулары, семіздік, екінші типті қант диабеті мен онкологиялық аурулардың артуына әкелетінін ескертеді», — деп атап өтті  ДДҰ мамандары.



sputniknews.kz