Құрсақта жатқан егіздер «төбелесті» — видео

0

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Қытайда ультра дыбыстық зерттеу кезінде ата-ана жүктіліктің төртінші айында құрсақтағы балаларының өзара қарым-қатынасына куә болды, деп хабарлайды Daily Mail.

55 жастағы әйел тұңғыш жиенін өзі дүниеге әкелді

Ультра дыбыстық зерттеуді егіз апалы-сіңлінің әкесі видеоға түсіріп алған.

Роликтің кадрларына қарағанда, қыздар анасының ішінде төбелесіп жатқан сияқты. Мұны қызық көрген 28 жастағы болашақ әке видеоны Желіде жарияласа керек. Бейнежазба тез тарап, 2,5 миллион лайк және 80 мың пікір жинады.

Жас босанған келіншек бір айдан соң егіздерді дүниеге әкелді

Егіздерде амниотикалық қап пен жолдасы ортақ болған. Бұл — өте сирек кездесетін құбылыс әрі жүктіліктің аса қауіпті түрі: мұндай жағдайда балалардың 50 проценті ғана аман қалады.

Әйел бір уақытта екі еркектен жүкті болып қалды

Басылым атап өткендей, егіздер кесар тілігі арқылы аман-есен дүниеге келіпті.

Жүкті әйелдерге неге көп ұйықтауға болмайды?



sputniknews.kz