Құрсақта өспей қалған: Дәрігерлер 346 грамм салмақпен туған нәрестені аман алып қалды — Қазақстан жаңалықтары
Ұлыбританияның Глостер қаласында дәрігерлер елдегі шала туған ең кішкентай қызды аман алып қалды. Нәресте дүниеге келгенде салмағы небәрі 346 грамм болған.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ким Браун есімді әйелдің жүктілігінің бесінші айында аяғы ісіне бастаған. Сондықтан ол дәрігерге жүгініпті. Ауруханада оған преэклампсия диагнозы қойылған. Мұндай сирек кездесетін асқыну кезінде ана мен баланың өміріне қауіп төнеді екен. Сонымен қатар дәрігерлер 3 апта бұрын нәрестенің дамуы тоқтағанын анықтапты.
Ертесі күні дәрігерлер нәрестенің жүрек соғысы өте төмен екенін анықтап, әйелді кесір тілігі арқылы босандыруды ұйғарады. Осылайша, 2018 жылы 14 маусымда дүниеге келген Изабелла Эванстың салмағы 346 грамм ғана болыпты. Салдарынан дәрігерлер оны арнайы инкубаторға жатқызыпты.
Арада үш апта өткеннен кейін дәрігерлер шақалақтың денсаулығында қиындықтар барын анықтаған. Оны ішегі зақымдалған екен. Соның салдарынан арада 3 ай өткеннен кейін оған ота жасалды.
2018 жылдың 16 желтоқсанында анасы мен перзенті үйіне жіберілді. 9 айлығында нәрестенің салмағы 4 келіге жетіпті.
stan.kz