құрсағындағы сәбидің жынысын білуге барған бойжеткен жан ұшыра айғайлады

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Он жеті жастағы бойжеткен сәбиінің жынысын білу үшін ультра дыбыстық зерттеу жасатуға барған еді, алайда нәрестенің бейнесі анасының зәресін алды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. АҚШ-тың Вирджиния штатында тұратын Айанна Кэррингтон жүктілігінің 24-ші аптасында, тұңғышының жынысын білмек болады.

17 жастағы болашақ ана ультра дыбыстық зерттеу жасатуға барған еді, ол жерде Айаннаны үлкен тосынсый күтіп тұрды. Монитордан баласының бейнесін көрген ол қатты шошып, жан ұшыра айғайлады, деп жазады Daily Mail.

Өйткені бойжеткеннің құрсағындағы сәби бері қарап, зымиян күлкімен күліп тұрғандай көрінген.

​Бұрын-соңды мұндайды көрмеген Кэррингтон қатты шошып, баласын «шайтанға» теңейді. Алайда акшуер оны тыныштандырып, сәбиінің денсаулығы жақсы және қыз бала екенін айтыпты.

Көп ұзамай америкалық қыз есін жиып, осы бір тосын жайтпен әлеуметтік желіде бөлісті. Оның айтуынша, сәбиін қазірден жақсы көреді, күйеуімен бірге құшағына алғанша асық екен.

Тағы оқыңыз: Әйел адам бір уақыттан екі еркектен жүкті болды

«Мұндайды өмірімде көрмеппін, қыз ба, ұл ма – білейін деген едім. Бірақ кім болса да, баламды қатты жақсы көремін», — деп жазды ол.



sputniknews.kz