«Құрметті орыстар, Қазақстанда жер көп»: Алмат Сақатов орыстарға өзгеше үндеу арнады (ВИДЕО)

0
Белгілі актер әрі сыншы Алмат Сақатов елімізге Ресейден келіп жатқан орыстарға қаратып видео үндеу жасады.

«Құрметті орыстар, Қазақстанда жер көп. Бірақ ол сендердікі емес. Келмеңдер!», – деді видеодағы өз сөзінде Алмат Сақатов.

Әзіл күйінде түсірілген бейнекөріністің терең астары бар.

Еске салсақ, соңғы кездері Ресейге салынған санкция салдарынан елімізге көрші ел азаматтары көптеп келіп жатыр. Көпшілік бұл Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне төнген қауіп деп бағалап жатыр. Сондықтан биліктен көші-қон процесін реттеуді талап етуде.