“Құрмет” орденінің дауы: Әли Оқапов ауырып, емделіп жатқанын айтты
Танымал әнші әрі композитор Әли Оқапов желіде жазба жариялап, «Құрмет» орденіне қатысты дау-дамай денсаулығына қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Негізі жүйкем сыр беріп бастады. Қазан айында болған маған қатысты оқиғадан кейін тәуір бола алмай жүрмін. Сол кезде жатып қалғанымда отбасым мені Таиландқа алып кетті. Ол жақта моральдық және физикалық тұрғыда жақсарып, жұмысыма оралдым. Қалай мұнда ұшып келдім, бірінші күні-ақ өзімді жаман сезіндім. Дұрыстап емделмегенмін ғой…», – дейді өнер иесі.
Содан кейін, әншінің айтуынша, концерттер, гастрольдер басталып кеткен.
«Бәрін ұмытып, жұмыс істеуге тура келді. Іштей «20 желтоқсанға дейін шыда» деп өз-өзіммен келістім. Сол кезде үзіліс аламын, міне сол кезде дұрыстап ауырып, дұрыстап емделемін деп қойғанмын. Солай да болды. Ештеңе етпейді, бәрі жоспар бойынша қой. Бұдан да жаман күндерім болған ауырғанда. Мен шағымданып отырғаным жоқ, ондайды жек көремін. Жұмысым барына тәубе. Әр концерт сайын адамдардан өз атыма білдірген қолдау-қолпаштарын қабылдап жатамын.Бәрі жақсы менде. Дәріханаға әр кез сайын 30 мың теңгені тастап, процедуралық кабинетте жатқан жаман екен бәрінен», деп жазады Оқапов.
фото: Kaztag.kz