Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестріне 85 жыл – архивтегі суреттер

0

Тыңдарманның ерекше ықыласына бөленген Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестріне 85 жыл толды

Қазіргі уақытта әлемге әйгілі оркестрдің негізін Қазақстанның халық артисі, композитор, академик, профессор Ахмет Жұбанов қалаған. Ол ұжымның тұңғыш шығармашылық жетекшісі әрі бас дирижері болды.

Оркестрдің репертуарында 4 мыңнан астам туынды бар.

Өнерсүйер қауым қазақ музыкасымен танысу үшін, ең алдымен, Құрманғазы оркестрін тыңдау керек екенін айтады.

Тағы оқыңыз: 70-80 жылдардағы Қазақстан жастары қандай болды – ескі суреттер

Оркестр орындауындағы күй қазақ халқының жан-дүниесін, ішкі тебіренісін жеткізеді.

«Халықтың осы оркестрге деген шексіз махаббаты, музыка әлемінде ойып орын алған бедел-абыройы – бұл күллі ұжымның тер төккен еңбегінің жемісі»,-деп айтқан Ахмет Жұбанов оркестр туралы.

Ұжымның архивтегі және заманауи фотоларын Sputnik фотолентасынан көре аласыз.



sputniknews.kz