Құрма бүкіл адамға пайдалы емес – кімдерге жеуге болмайды?

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Дені сау адамдар күніне екі-үш құрма жей алады. Диетолог мамандар бұдан көп жемеуге кеңес береді, өйткені оның құрамында жеңіл көмірсулар бар

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша — Sputnik. Бүйрегінде тасы бар және ұйқы безінің ауруына шалдыққан адамдарға құрма жеуге болмайды.

Нутрициолог, диетолог Наталья Прохорованың айтуынша, құрманың құнарлылығы жоғары, деп жазады vm.ru.

«Диабетпен ауыратындарға құрманы көп жемеген дұрыс, өйткені ол айтарлықтай тәтті, тәулігіне біреуін ғана жеуге болады. Дені сау адамдар күніне екі-үш құрма жей алады. Бұдан артық жеуге болмайды, өйткені оның құрамында жеңіл көмірсулар бар», — дейді Прохорова.

Диетолог, фитотерапевт, нутрициолог Анжелика Дювальдың сөзіне қарағанда, құрманың құрамында микроэлементтер мен витаминдер, әсіресе А, С және В көп. Ал бұл витаминдер адамға күзде көп керек, олар иммунитет пен жүйке жүйесінің жұмысын реттеп, ағзаны түрлі инфекциядан қорғайды.

Дюваль құрманы аптасына екі-үш рет жеуге кеңес берді. Айтуынша, мұздатылған құрма пайдалы дәрумендерін сақтайды, бірақ оны екінші рет мұздатудың қажеті жоқ.

«Құрманың құрамындағы йод пен темір өте пайдалы, олар адамның ағзасына жылдың кез келген мезгілінде қажет. Әсіресе, анемиямен ауыратын адамдар құрма жеу керек. Ол қышқыл емес, сондықтан асқазан жарасы кезінде жеуге болады. Құрманың антибактериялық қасиеті де бар», — деп атап өтті диетолог.

Құрманы асқазан-ішек жолдары ауруларына шадыққан адамдар жей алады. Сондай-ақ ол жүрек-қан тамырлары жүйесіне ауруларына да пайдалы зор. 



sputniknews.kz