«Құрбан шалғанша, ағаш отырғызайық»: Танымал мәдениеттанушы шариғатқа өзгеріс енгізуді ұсынды

0

Мына сөздеріңіз ақылға қонымды, мағыналы сөздер екен, рақымет. Менің 2009 жылдан бері қарай осы фейсбукта жариялаған посттарымды оқысаңыз, жоғарыда өзіңіз мисалдаған өзекті мәселелердің бәрінің де уақтылы көтеріліп тұрғанын байқар едіңіз, әр қайсысына арналған кемінде 100 посттан жазған шығармын.

Бүгінгі тақырып уақытына орай Құрбан Айт болғандықтан осы мәселені көтеріп жатырмын, халық қолдап жатыр. Бұл да көтерілуі тиіс мәселе, түптің түбінде осы құрман шалу практикасы жойылып, орнына гуманизм және өркениеттілік принциптеріне сай басқаша бір қайырымдылық жасау тәсілі қабылданатын шығар деп ойлаймын, еврейлер мен христиандар осы эволюциядан өтті, мұсылмандар да прогресс деңгейлері жеткен соң осы сатыдан өтеді, бұл заман талабы, халықаралық конвенциялар мен хайуан құқықтарын қорғау таалаптары да осыған итермелейді, пандемия сияқты апаттар тіпті мәжбүрлейді.

Мен бір ұсыныс ретінде ағаш егуді ұсындым, “өлтіріп” ғибадат жасаудың орнына “тірілтіп” ғибадат жасайық, бұл Ислам дінінің рухына сай, Жаратушы разы болатын амал осы дедім. Жаман бір нәрсе айтқан жоқпын, біреуге қиянат жасауға шақырған жоқпын, сонда да өзіңіз сияқтылар шабуылға шығып, жеке басыма небір күпірлік сөздер айтты, айтып та жатыр.

Сол жазғырғыш азаматтар бір сәтке дін маскасын беттерінен алып тастап, мәселеге мораль тұрғысынан, ар мен ождан тұрғысынан қараса, тәуелсіз ойланып, экологиялық жауапкершілікті де бір сәтке қаперге алса, мүмкін олай шабуылға шықпас еді….

Мұртаза Жүнісұлы, Facebook парақшасынан