Құрбан айтта Ақтауда қашқан бұқаны полиция ұстады (ВИДЕО)

0
0

Куәгерлердің айтуынша, жануар 4 ықшамауданнан 15 ықшамауданға дейінгі аралықты теңіз арқылы жүзіп өткен

Sputnik. Полиция инспекторлары мал базардан қашып кеткен бұқаны ұстап, иесіне тапсырды. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

lada.kz сайты оқиға бүгін, 31 шілдеде болғанын мәлімдеді. Бұқаның иесі оны мал базардан сатып алған. Көлікке тиеп жатқан сәтте жануар қашып кеткен.

Ал куәгерлердің айтуынша, ашатұяқты жануар 4А ықшамаудандағы теңіз жағалауында суға түсіп, содан 15 ықшамауданға дейін жүзіп өткен.

«Бұқаны 15 ықшамаудандағы жағалауда инспекторлар ұстап, иесіне тапсырды», – делінген облыстық полиция хабарламасында.

Айта кетейік, Ақтау қаласындағы орталық көшеде арқанын сүйретіп қашып бара жатқан ірі қара түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралған болатын.

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз