Құрбан айт 2019: құрбандық шалу шарттары
Құрбан айт мейрамын қазақстандықтар 11-13 тамыз күндері атап өтеді. Құрбандыққа шалынатын малды қалай таңдау керек, құрбандық шалу кімге уәжіп?
Қазақстанда биыл Құрбан айт 11-13 тамыз күндері болады. Айт намазы астанадағы барлық мешітте таңғы сағат 7-де басталады. Құрбандық шалу рәсімі 13 тамызға дейін жалғасады.
Шариғат бойынша құрбандыққа шалынатын мал аурушаң, әлсіз болмауы шарт. Қой, ешкі, сиыр және түйе құрбандыққа шалынатын мал қатарында. Алайда қой мен ешкі кемінде 1 жасар, сиыр кем дегенде екі жасар, ал түйе кемінде бес жасар болуы тиіс.
Тағы оқыңыз: Құрбан айтта не істеуге болмайды — видео
Құрбандыққа шалынған малды үш бөлікке бөліп, тарату керек. Елордада құрбандық шалуға арналған жерлер мен құрбандық шалу туралы толығырақ Sputnik Қазақстан инфографикасынан біле аласыз.
sputniknews.kz